Запорожье — Ақмола облысының Жақсы ауданындағы ауыл, Запорожье ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жақсы ауылынан оңтүстікке қарай 34 км жерде, Есіл өзенінің оң аңғарындағы қуаң дала белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18731887 1749 92,7 930 845 90,9 957 904 94,5
Тарихы Іргесі 1957 жылы Торғай өңірінің тың жерлерін игеру кезінде Ленин атындағы астық кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде Запорожьеде 1997 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы Ауылда және оның бөлімшелерінде орта, орталау мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункттер, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Жақсы ауданы елді мекендері