Василий Козьмич Шебуев(13.04.1777, Кронштадт, - 28.06.1855, Петербург) - орыс кескіндемешісі. Өмірбаяны 1782-97 жылдары Петербург Көркемсурет академиясында (И.А.Акимов пен Г.И.Угрюмовтан) оқыды. Римдегі Көркемсурет академиясының зейнеткері (1803-07). 1832 жылдан Петербург Көркемсурет академиясының ректоры әрі профессоры (1812). Еңбектері Орыс классицизмінің ірі өкілі, асқақ суретші, белді педагог болған Шебуев өмір көріністерін шыйнайы бейнелеуге ("Бал ашу", 1805, Мәскеу,Третьяков галереясы;Швыкин портреті, 1833 Ленинград, Орыс музейі) талпынды. Дегенмен Шебуев негізінен діни кескіндемеге бой ұрғандықтан оның батырлық - патриоттық тақырыптағы шығармаларын да ("Көне Иголкиннің ерлігі" , 1839,Орыс музейі) академизм белгілері көрініс берді. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 228 бет
Санат: 1777 жылы туғандар Санат: 1855 жылы қайтыс болғандар