Өндірістік емес сфера - адамдардың және тұтас алғанда қоғамның материалдық игіліктерді өндіруден басқа сан алуан қажеттерін қанағаттандыратын халық шарттарының салаларының жиынтығы. Бұл қажеттер материалдық игіліктерді шығаруға, жеке адамды жан-жақты дамытуға саяды. Мұнан басқа өндірістік емес сфера адам мен қоғамның бір тұтас қоғамдық организм ретінде әлеуметтік қажеттерін қанағаттандырады.
Өндірістік емес сфераға жататындар Өндірістік емес сфераға халыққа тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушы транспорты, байланыс (ұйымдар мен халықтың өндірістік емес іс-қызметіне қызмет көрсетуге байланысты), денсаулық сақтау, шынықтыру және әлеуметтік қамсыздандыру, оқу-ағарту, мәдениет, өнер, ғылым, және ғылыми қызмет көрсету, басқару, қоғамдық ұйымдар жатады. Қазақ совет энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Өндіріс