Рорайма тауы ( , басқаша атаулары Tepuy Roraima және Cerro Roraima; ) - Пакарайма жырасының ең биік шыңы. Алғашқылардың бірі боп тауды ағылшын зерттеушісі Уолтер Рэли 1596 жылы суреттеген. Тау үш елдің шекара нүктесі болып табылады, олар:Венесуэла (таудың 85% территориясы), Гайана (10%) және Бразилия (5%).

Рорайма тауы Гвиана таулы үстіртінде, Канайма ұлттық саябағының аумағында орналасқан. Бұл тау кәрі таулардың бірі болып саналады. Оның жасы шамамен 2 млрд. жыл және ол прекембрий кезеңінде құрылған. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі thumb|200px|Рорайма өсімдіктері Рораймада табылған көптеген өсімдіктер бірегей болып табылады. Таудың баурайында көбінесе жәндікжегіш өсімдіктер (Хелиамфора), қоңыраугүлдер (қоңыраугүл) және рапатеялар кездеседі. Бұл тауда күн сайын жаңбыр жауады. Таудың үсті жағының барлық аумағы негізінен құмдақ, кейбір жерлерде бұталар (боннетия) және балдырлар кездесу мүмкін. Жердегі көптеген нәрлі заттар нөсермен шайылып сарқыраманы құрайтын таудың шеті бойынша құлама су боп төгіледі. thumb|200px|Гвиандық арлекин Тауда қызыл кітапқа енген Гвиандық арлекин бақасы кездеседі.