Қарасор – Ертіс алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Май ауданындағы Жұмыскер ауылының оңтүстік-батысында 25 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 144,7 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 28,3 км2, ұзындығы 9,3 км, енді жері 6 км, жағалау бойының ұзындығы 46 км, тереңдігі 1,2 м. Жағалаулары қатты тілімденген. Көл қазаншұңқыры батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. Батысынан Түндік өзені құяды. Жаз айларында кеуіп қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Май ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы