Қарасор – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы көл. Қарқаралы қаласынан солүстікке қарай 45 км жерде.
Аумағы Ауданы 155 км2, ұзындығы 43,5 км, ені 7,3 км, жағасының ұзындығы 103 км, орташа тереңдігі 1,1 м, су көлемі 160 млн. м3. Су жиналатын алабы 8750 км2. Көл жағасы негізінен жазық. Құламалы жағасының биіктігі 8 м-ге дейін жетеді. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы көлдері