Ж. К. Роулиң (J. K. Rowling) және Роберт Гэлбрейт (Robert Galbraith) аттарымен белгілі Жоан Роулиң (; 31 шілде 1965, Глостершир, Англия) — британдық жазушы.

Оның сиқыршы Хәрри Поттер туралы кітаптары бірнеше марапатқа ие болып, 500 миллион дана көлемінде сатылды. Кейін олар тарихтағы сатылымы ең мол кітаптар сериясына айналып, тарихтағы ең кассалық фильмдер сериясының оқиға желісіне негіз болды. Роулинг сценарийлерды бекітіп және соңғы бөлімнің продюсері бола тұра, бүкіл шығармашылық процессті өзі басқарған.

Хәрри Поттер басынан өткізген шытырман оқиғалары жайында роман жазу туралы ой жазушыда 1990 жылы, Манчестерден Лондонға дейінгі пойыздағы сапары кезінде пайда болды. Сол кезеңде Джоан Халықаралық ғылыми қызметкер мен хатшы-аудармашы лауазымын атқарды. Келесі 7 жыл аралығында Роулиңтің анасы көз жұмды, Жоан жұбайымен ажырасып, кедейшілік зардабын шекті. Бірақ 1997 жылы жарық көрген «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» жазушыға әл-ауқат пен танымалдылық сыйлады. Нәтижесінде, Жоан алғашқы кітабына 6 сиквел және үстеме ретінде 3 қосымша кітап жазды. Серияның соңғы кітабы - «Хәрри Поттер және Қарғыс атқан бала» деп аталды. Осыдан кейін ол агенттігімен қош айтысып, ересектерге арналған әдебиетті жаза бастайды. 2012 жылы Роулиң «Кездейсоқ қызмет» атты кітап жарыққа шығарды. Жоан «Роберт Гэлбрейт» жасырын атымен «Көкектің үндеуі» (2013) және «Жібек иіруші» (2014) криминалдық романдарын жазады.

Ол Ұлыбританиядағы ең сатылымы мол жазушы. Жоанның сатылымдары 238 миллион фунт стерлиңтен асады. 2008 жылы Sunday Times Rich List Роулиңті Ұлыбританияның ең әл-ауқатты әйелдерінің тізімінде 12-орынға орналастырып, дәулетін 560 миллион фунтқа бағалады. 2007 жылы Forbes Роулиңті ықпалдылығы жөнінен 48-даңқты адам ретінде бағаласа, ал Time журналы жазушының өз жанкүйерлеріне сый ететін әлеуметтік, саяси және адами қолдауын есепке ала отырып, Жоанға Жыл тұлғасы номинациясында 2-орынды береді. 2010 жылғы қазанда Роулиң жетекші журналдар редакторларымен «Ұлыбританиядағы ең ықпалды әйел» атанды. Сонымен қатар, Жоан Gingerbread, Multiple Sclerosis Society of Great Britain және Lumos секілді ұйымдарды қолдап, филантроптық әрекеттерімен көзге түсті.

Фильмография ЖылҚазақша атауыБастапқы атауыРөл2010фХәрри Поттер мен Ажал Сыйлары: 1 бөлімHarry Potter and the Deathly Hallows: Part Iпродюсер2011фХәрри Поттер мен Ажал Сыйлары: 2 бөлімHarry Potter and the Deathly Hallows: Part IIпродюсер2015сКездейсоқ қызметThe Casual Vacancyбас продюсер2016фТаңғажайып хайуандар және опар мекендейтін аймақтарFantastic Beasts and Where to Find Themсценарийші, продюсер2018фӘжеп айуандар Грин-де-Вальдтің қылмысыFantastic Beasts: The Crimes of Grindelwaldсценарий авторы, продюсер

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт Pottermore — Хәрри Поттер жайлы сайт Жоан Роулиң Twitter-де Жоан Роулиң Facebook-те

Санат:Ұлыбритания балалар жазушылары Санат:Ұлыбритания жазушылары