Панфёров Фёдор Иванович (02.11.1896, қазіргі Ульянов облысы, Павловка ауылы, - 10.09.1960, Москва) - орыс совет жазушысы. 1926 жылдан КПСС мүшесі.

Өмірбаяны (1923-1925) жылдары - Саратов университетінде оқыды. (1925-1931) жылдары «Крестьянский журналы» журналының редакторы болды 1931-1960 жылдары (аз үзіліспен) «Октябрь» журналының редакторы болды. 1918 жылы - «Аталар алдында» атты алғашқы әңгімесі жарияланды.

Шығармалары Содан бері Панфёров Фёдор Иванович көптеген очерктер, әңгімелер, пьесалар, повестер, романдар жазды.

# Шығарманың аты Сипаттамасы 1. «Қайрақ» романы коллективтендіру дәуірінің шындығын терең суреттеген. 1928 - 1937 жылдар арасы 2. «Өмір» пьесасы 1939 жылы жазылған. 1939 жыл 3. «Қуаныш жолында» киносценарий 1940 жылы жазылған 4. «Бейбітшілік үшін күрес» романы Совет халқының соғыс кезіндегі және одан кейінгі дәуірдегі өмірін суреттейді. 1945 - 1947 жылдары. СССР Мемлекеттік сыйлығын алған. 5. «Бүліншілікке ұшыраған елде» романы Совет халқының соғыс кезіндегі және одан кейінгі дәуірдегі өмірін суреттейді. 1948 жылы жазылған. СССР Мемлекеттік сыйлығын алған. 6. «Үлкен өнер» романы Совет халқының соғыс кезіндегі және одан кейінгі дәуірдегі өмірін суреттейді 7. «Волга - ұлы өзен» триологиясы Өмірінің соңғы кезінде жазған шығармасы 8. «Соққы» 1953 жылы жазылған. 9. «Толғаныс» 1958 жылы жазылған 10. «Жас ұрпақ үшін» 1960 жылы жазылған.

Өзге тілге аударылған шығармасы Фёдор Иванович Панфёровтің «Бейбітшілік үшін күрес» роман қазақ тіліне аударылып (1954) басылды.

Марапаттары СССР Жоғарғы Советінің депутаты. 5 орденмен, медальдармен марапатталған.Собр.соч., т. 1-6, М., 1958-1959.Сурганов В., Федор Панферов М., 1967 жыл

Дереккөздер

Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО жазушылары Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ресей жазушылары Санат:КОКП мүшелері