Машаттөбе – ортағасырлық қоныс, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері Түлкібас ауданы, Машат ауылында, Машат өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Кезеңі VІ-Х ғасырлар.
Сипаты 1981 жылы бұрынғы Шымкент педагогикалық институты археологиялық тобы (жетекшісі А.Н. Подушкин) зерттеген. Қазіргі орны табаны 50х80 м, үстіңгі қабаты 30х50 м, биіктігі 4 м төбешік. Оңтүстіктен солтүстікке қарай созыла жатыр. Табылған қыш ыдыстар құмыра, кіші хұм, тостаған, көзе, т.б. заттарға қарағанда тұрғындар қалашықты 6-10 ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен айналысқан.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қоныстары Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері