Майкл Джей Уайт (; 10 қараша 1967, Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық актёр, жекпе-жек өнерінің шебері. Ол басты қаһарманды сомдаған тұңғыш афроамерикалық атанды, себебі Майкл 1997 жылы «Спаун» фильмінде басты рөлді ойнаған еді. Онымен қоса, Уайт «Универсальный солдат 2: Возвращение» фильмінде Сет, «Смертельная битва: Наследие» сериалында Джакстың рөлін сомдаған. 2011 жылы режиссерлық дебютін жасады, ол «Никогда не сдавайся 2» атты спорттық драманы түсірген еді.

Өмірбаяны Майкл Джей Уайт 1967 жылы 10 қарашада Бруклинның кедей ауданында дүниеге келген. Ол 7 жасқа толғанда оның анасы көрші штатқа қоныс аударады, оған жаңа жұмыс уәде етілген еді. Уайт сегіз жасынан бастап жауынгерлік шеберлікке үйрене бастаған. Ол жекпе-жек өнеріндегі тәжірбиелі шебер әрі көптеген стильдерде қара белбеулердің иегері: шотокан, тхэквондо, кобудо, годзю-рю (Эдди Моралестен шеберлікті үйренген), тансудо, ушу және кекусинкай. Уайт үшін ең жақын стиль кекусинкай (бұл стиль өзіне көптеген стильдерді жинақтайды) болып табылады.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты Майкл Джей Уайт Internet Movie Database сайтында