Маятас (1992 жылға дейін — Михайловка)О пpисвоении наименований и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Түркістан облысы Төле би ауданы, Қазығұрт ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2014 жылы Шымкент қаласының құрамына қосылған.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Қазіргі уақытта Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы тұрғын үй массиві.

Халқы Тұрғыны: 2,3 мың адам (2003); 2,4 мың адам (2009).

Тарихы 1961 жылы құрылған «Қазығұрт» сүт кеңшарының бөлімшесі болып, «Михайловка» аталып келді. Маятас ауылының атауы жөнінде ел арасында түрлі болжамдар айтылып келеді. "Мая" сөзінің өзі бірнеше ұғымды білдіреді. Қазақ үйілген шөпті мая дейді. Бұрын бұл жерде қолмен үйілген тас болуы мүмкін. Ауыл аты сол үйінді тасқа байланысты Маятас аталса керек. Бұл сөздің кездейсоқ айтылмағаны анық. Себебі, Маятас ауылының іргесінен асау Бадам өзені ағады. Бұл өзен ежелден ірі-ірі қой тасқа да, құмға да бай. Ертеректе аталарымыз белгілі бір мақсатты көздеп, Бадамның қой тастарын бір жерге үюі мүмкін. Осындай себеппен Маятас аталған шығар деген болжам бар.

Дереккөздер

Санат:Төле би ауданының таратылған елді мекендері