Құлжанов Бауыржан Ниязұлы (1953, Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы (қазіргі Аққайың ауданы), Ленин ауылы) — қазақша күрестен спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасы Кеден қызметінің алғашқы полковнигі. Петропавл педагогокалық институтын, Омбы дене тәрбиесі институтын, Ресей кеден академиясын бітірген. 1974 ж. Қазақстан чемпионы, Қажымұқан жүлдесінің иегері. Еңбек жолы 10 жыл бойы еркін күрес, самбо, қазақша күрестен облыстың құрама командасының құрамында болды. 1993 ж. қайтадан жасақталған Солтүстік Қазақстан облысы кеден қызметінің бастығы болып сайланды. 2002 ж. Жамбыл облысы бойынша кеден басқармасының бастығы қызметіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының кеңесшісі.

2003 ж. Бауыржанның 50 жасқа толу құрметіне республиканың спорт комитетінің шешімімен Петропавл қаласында қазақша күрестен Қазақстан кубогі өткізілдіСолтүстік Қазақстан облысы энциклопедиясы, "Арыс" баспасы, Алматы, 2006.

Дереккөздер

Санат:1953 жылы туғандар Санат:Аққайың ауданында туғандар Санат:Қазақ күресінен палуандар Санат:Қазақстан спорт шеберлері Санат:Қазақ күресінен Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстан кедені полковниктері Санат:Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Омбы дене тәрбиесі институты түлектері Санат:Ресей кеден академиясы түлектері Санат:Қажымұқан жүлдесінің иегерлері