Мәуен Хамзин (1 қазан 1949 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Кеңшоқы ауылы) – филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан. Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік университетін (1973) бітірген.

Қарағанды облысы Шет ауданында мұғалім, мектеп директорының орынбасары (1973–1982)

Жезқазған педагогика институтында аға оқытушы, доцент, декан, кафедра меңгерушісі (1982–1996)

Жезқазған университетінде (1996–1998) кафедра меңгерушісі.

Қарағанды мемлекеттік университетінде (1998–2005) кафедра меңгерушісі

Еуразия ұлттық университетінде профессор (2005–1907) қызметтерін атқарды.

2007 жылдан «Болашақ» университетінде (Қарағанды қаласы) ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор.

Ғылыми еңбектері

«60–80-жылдардағы қазақ романының стилі мен типологиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1 қазанда туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Шет ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары