Көктөбе (Отрабадтық) І мекенжұрты — Қоғам ауылының солтүстігінде , 18 км жерде орналасқан 1-8 ғасырларға жататын археологиялық тұрақ. Сипаты Географиялық координаттары: 42Т 439098 UTM 4760971. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев) зерттеген. "Алаңқайлы төбе" типіндегі ескерткіш. Орталық төбенің диаметрі 70 м, биіктігі 5 м. Оны алаң қоршап тұр. Алаңның ең енді жері- 40 м, ол оңтүстік-шығыс жағында. Төбе бетінен табылған керамика Қостөбенің (оңтүстік) жоғарғы қабатының керамикасымен сәйкес - нуалы тұтқасы және мойнында білік жүргізілген құмыралар, тікбұрышты ернеулі құмдар, бүдір салынған ыдыстар, сонымен қатар, шүмекті құмыралар, металдан жасалған шығыстық ыдыстарға еліктеген, жылтыратылған қызыл ангобты саптыаяқтар кездеседі. Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы.Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Отырар ауданы, Алматы 2007
Дереккөздер