Сарыөзен – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының және Абай облысы Жаңасемей ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 6056 км2 .
Бастауы Мыржық, Ақшоқы тауларынан басталып, Ақмолайсор (Шалқарсор) көліне құяды.
Гидрологиясы Сарыөзен шоқылы, жонды өңірді басып өтеді. Өзен бойында кішкене тұйық көлдер көп. Жауын-шашын суымен толығады. Сәуірдің аяғында тасып, жазда иірім қарасуларға айналады. Суы егістік, мал суаруға пайдаланылады. Аңғары шабындық, жайылмасы — мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Жаңасемей ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы