LOL (сондай-ақ lol немесе лол; — дауыстап қатты күле отыра (қарқылдай отырып); немесе — дауыстап қатты күлу (қарқылдап күлу); немесе — көп күлуАғылшын тілінің әлеуметтік желілерде қолданылуы) — ағылшын тілді акроним, интернет-мем. Термин әлеуметтік желілерде негізінен күлкіні білдіру мақсатында қолданылады.
Акронимнің танымалдылыққа ие болғанына көп бола қойған жоқ. 2003 жылы студенттер тобымен әлеуметтік қауымда интернет-сленгтердің қолдану жиілігі тексерілді. Зерттеу нәтижесінде тексерілген 11 718 сөзден құралған 2185 хабарламаның ішінен небәрі 90 рет акроним қолданыған, оның ішінде 76-сы LOL акронимі болды (жалпы сөз ішіндегі үлесі 0,6 %). 2008 жылы жүргізілген басқа бір зерттеудің нәтижесі интернет-сленгтердің қолданылуының үлесі 2,4 % екендігін көрсетті. 2011 жылдың наурыз айында LOL және OMG акронимдері, сондай-ақ <3 символы Оксфорд ағылшын тілі сөздігіне енегізілді.
Дереккөздер
Санат:Акронимдер