Сай-Өтес эксперименті (ресми емес атауы Маңғышлақ) – кеңес үкіметінің өндірістік мақсаттағы термоядролық жарылыстары (мақсаты шөлейт, құрғақ жерлерде су қорын жинауға арналған үлкен ойық жасау болатын) болып табылады.
Эксперимент 1969-1970 жылдары жүргізілген және бірнеше жерасты жарылыстары болған. Құжаттар бойынша, экспериментті атқару Орташа машинажасау министрлігіне жүктеліп, Сай-Өтес ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 100-115 шақырым жерден (қазіргі Маңғыстау облысы) эксперимент өткізуге орын бөлінген
Осы жобаның аясында үш сынақ өткізілген. Екі жарылыстың нәтижесінде эксперимент ішінара орындалып, жер беті аздап шұңқырайғанИ. А. Ахтамзян, Ядерный фактор в Центральной Азии, Южный фланг СНГ. Центральная Азия — Каспий — Кавказ: возможности и вызовы для России = The Cis Southern flank. Central Asia — Caspian — Caucasus: hrospects and challenges for Russia, М., Логос, 2003, isbn 5-94010-232-8, 201 бет. Бірақ эксперимент табысты болмады. Себебі жерастындағы тау жыныстары жарылған кезде бірақ үгітіліп кетпей, жиналған су кесек тастардың арасынан тоқтамай ағып кете берді. Сынақ саны Мерзімі мен Сынақ өткізілген мекендер координаталары Шұңқыр тереңдігі Қуаттылық күші Түсініктемелер № 313 Сынақ 6 желтоқсан 1969 жыл10:00 Скважина № 2Т 410 м 30 ктОрта-Бұлақ кен орнындағы апатты ликвидациялауға В. С. Лебедев пен В. А. Разуваевпен қолданылған заряд. № 329 Сынақ 12 желтоқсан 1970 жыл10:00 Скважина № 6Т 740 м 80 кт Шұңқыр пайда болған жоқ. № 331 Сынақ 23 желтоқсан 1970 жыл10:00 Скважина № 1Т 500 м 75 кт
Дереккөздер
Санат:КСРО ядролық полигондары Санат:Қазақ КСР Санат:6 желтоқсан оқиғалары Санат:12 желтоқсан оқиғалары Санат:23 желтоқсан оқиғалары Санат:1969 жыл КСРО-да Санат:1970 жыл КСРО-да Санат:КСРО аумағындағы бейбіт жарылыстар Санат:Ғылым 1969 жылы Санат:Ғылым 1970 жылы Санат:Ғылым 1970 жж.