Periscope — тікелей эфирде видео таратуға арналған қолданба (app). iOS және Android операциялық жүйелерінде жұмыс жасайды. Жасап шығарушылар - Кейвон Бейкпор мен Джо Бернштейн. 2015 жылдың наурыз айында қолданбаның стартапын Twitter 100 млн долларға сатып алған болатын. 2015 жылдың 26 наурызында Twitter ресми түрде өзінің App Store аккаунтымен iOS-та қайтадан істе қосты. Кейін, 2015 жылдың 26 мамырында Periscope Android үшін де қосылды.

Қызмет көрсетуі Periscope қызметтерін мобильді қосымшада, сондай-ақ Twitter-де де пайдалану мүмкіндігі бар. Twitter арқылы қосылған кезде, Periscope қолданушылары өзге қолданушылардың шынайы уақыттағы видеоны қарауы үшін туиттелген сілтемелерін көруіне мүмкіндік бере алады.http://www.eyerys.com/articles/news/twitters-launches-periscope-its-own-live-video-streaming-app

Periscope қолданушылары өз видеоларын барлығы көре алатындай қып немесе белгілі бір таныстар тобына (мысалы, достар немесе отбасы) ғана көрсету функциясын таңдай алады. Periscope-та видеоны көрушілер видеоны таратушыға деген лебізі ретінде телефон не планшет экранын басу арқылы "лүпіл" жібере алады. "Адамдар" қойындысының астында шынайы уақытта видеохабар тарату кезінде ең көп "лүпіл" жинаған қолданушыларды көрсететін "Ең көп ұнатылғандар" тізімі тұрады. 2015 жылы қыркүйектің 10-да Periscope көлденең көрініс (landscape view) арқылы хабар тарату мүмкіндігін қосты.http://www.cnet.com/news/periscope-adds-new-landscape-streaming-feature/

Бұқараның қабылдауы left|thumb|Актриса Алиса Милано өзінің бейне романының көшірмелеріне қолтаңба қойып жатқан кезде оның көмекшісі Келли Колл осы оқиғаны Перископта жариялауда.

Тағы қараңыз Google Hangouts

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Twitter Санат:2015 жылы пайда болғандар