Қамысты — Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл, аудан және Қамысты ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 253 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 5487 адам (2769 ер адам және 2718 әйел адам) болса, 2009 жылы 5344 адамды (2564 ер адам және 2780 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Экономика 1957 жылы жергілікті колхоз негізінде Қамысты астық шаруашылығы құрылып, 1994 жылы Қамысты кооперативтік кәсіпорны болып қайта құрылды . Қазіргі таңда кәсіпорын «Ар-Агро Қамысты ауылшаруашылық өндірістік кооперативі» деп аталады.АР-АГРО ҚАМЫСТЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ, ӨНДІРІС КООПЕРАТИВІ
Дереккөздер
Санат:Қамысты ауданы елді мекендері