Мащинская Елена Ивановна (1962 жылы туған, Куйбышев облысы Кошкин ауданы Большая Романовка с.) — кәсіпкер. Қарағанды сауда-аспаздық техникумын (1988), Көкшетау экономика және менеджмент институтын (2003), Мәскеу қаласындағы Халықаралық университеттің мамандар біліктілігін жетілдіру қысқа мерзімді курсын бітірген. 1982 жылдан аспаздың шәкірті, кассир-инкассатор, аспаз, қоғамдық тамақтану өндірістік комбинатының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1996 жылдан «Той Дастархан» ЖШС-нің директоры әрі құрылтайшысы. «Республикалық аспаздар ассоциациясының» құрылтайшыларының бірі. Медальдармен, VATEL институтының дипломымен (Франция, 2005) марапатталған. Ресей халықаралық аспаздар ассоциациясының ең жоғары кәсіби «Знак Достоинства» марапатының иегері. Дереккөздер</span> «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Санат:Тұлғалар