Провизорлық мүшелер ( — алдын-алы, уақытша) — омыртқалылардың ересек дараларында болмайтын, тек ұрықтың дамуы үшін ғана қажет уақытша мүшелер. Оларға - саруызды қапшық және ұрық қабықтары - қағанақ (амнион), хорион, аллантойстар жатады. Провизорлық мүшелер ұрықты механикалық зақымданудан сақтайды, оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар - сұйық орта қалыптастырады және тыныс алу, қоректену, бөліп шығару, қозғалу, қантүзу және т.б. қызметтерді атқарады.С.А.Әбилаев,Е.Ө.Қуандыков "Медициналық биология және генетика" 2004 ж. Дереккөздер

Санат:Органдар Санат:Анатомия Санат:Физиология Санат:Эмбриология