Байқоразов Айтбек (04.11.1946, Жамбыл қаласы -12.09.1998, сонда) - инженер-экономист, өндіріс ұйымдастырушысы. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірген (1970).
Еңбек жолы 1970-72 ж. Облыс орталығындағы екінші шарап өндіру зауытында аға экономист 1972-75 ж. Спирт-арақ комбинаты техникалық бөлімінің инженер-конструкторы 1977-85 ж. Көкшетау арақ-шарап зауытының директоры 1985-87 ж. Республикалық «Қазспиртпром» бірлестігі бастығының орынбасары 1987-89 ж. «Алматы Пепсикола» зауытының директоры 1989-98 ж. Жамбыл спирт-арақ комбинантының бас директоры, " Тараз " АҚ қоғамының президенті болып қызметтер атқарған.
«Тараз» футбол командасының президенті болған белгілі меценат. Футболдан Байқоразов атындағы дәстүрлі облыстық турнир өтіп тұрады.Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, Алматы, 2003
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар