Қылышбай Ержанұлы ауылы — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Қылышбай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 9 км-дей жерде. Шу өзенінің төменгі тарамдарының жағалауында, қара сексеуіл , қамыс, құрақ, күйреуік, еркекшөп, теріскен, ши өскен құмайтты сұр, сортаңды сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Тарихы 1997 жылға дейін Карл Маркс ауылы деп аталып келді. 1969-97 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін Талдыөзек кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Қазақстанда 1997 жылдан 30-дан астам шаруа қожалықтары құрылды.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1076919 870 94,7 477 459 96,2 442 411 93

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, кітпхана, клуб, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мекемелер бар. Ауылға елімізге танымал шешен және ақын Қылышбай Ержанұлының есімі берілді (1997).

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы елді мекендері