<center>Жасушаның химиялық құрамы <center>Неорганикалықзаттар <center>Органикалықзаттар Су 70—80 % Тұздар 1—1,5 % Ақуыздар10—20% Липидтер1—5% Көмірсулар0,2—2% Нуклеинқышқылдары1—2% АТФ0,1—0,5% ББЗ
Жасушаның химиялық құрамы — жасушаның құрамына кіретін барлық заттардың жиынтығы. Жасушаның құрамында Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің 86 элементі бар, оларың ішінде 25 элемент ағзаның өмірінің тіршілік әрекеті үшін керекті болса, 16-18 элемент зәру қажет.
Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Əрбір жасушаның құрамы ағзалық жəне бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нəруыздар (белок), майлар, көмірсулар жəне нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су мен минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.
Нəруыздар Нəруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт жəне т.б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нəруыздар 45°С - 80°С ұйиды. Олардың құрамы 20 амин қышқылынан тұрады.
Майлар Майлар''' үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глецерин мен май қышқылынан тұрады.
Көмірсулар Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға əртүрлі суда тез еритін тəтті (кристалды) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.
Жасушаның бейағзалық заттары Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш'' ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Ондағы қажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртқа шығарылады.Биология. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра "
Дереккөздер
Санат:Цитология Санат:Метаболизм