Ұлбике Юсупова (20.10. 1924, Арыс қаласы) – екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты. 1941 – 1947 ж. Арыс бекетінде оператор, Арыс-ІІ бекетінде кезекші, 1941 т. ж. бекетінің бастығы қызметтерін атқарды. Кейіннен аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып еңбек етті. 1948 – 1950 ж. Алматы қаласындағы Жоғары партия мектебінде оқып, оны бітірген соң Алматы қаласындағы партия ұйымдарында басшылық қызметтер атқарды.
Cілтемелер "Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Санат: Тұлғалар Санат: Тарих Санат:1924 жылы туғандар