Қарабас шөжешымшық () — Торғайтәрізділер отрядының Шымшықтар тұқымдасына жататын Шөжелер туысының орташа денелі (10-15г) құс. Қарабас шөжешымшық томпышқа және басқа шөжешымшықтарға өте ұқсас, олардан айырмашылығы - басы жылтыр қара реңді. Бұл Сібірдің жалпақ жапырақты ормандарының тұрғыны Қазақстанда тек қана шығыс шекарасында, Бұқтырма және Катонқарағай (Алтай) аймақтарында кездеседі. Ұялау кезеңінен басқа уақыттарда үнемі үйірлесіп жүреді, қауымдас құстар. Ағаш қуысына ұялайды: сірә бір жылда 2 рет балапан өргізетін болар. Бұл құстың биологиясы Қазақстанда зерттелмеген, ол туралы кез келген мәлімет көңіл аударадыҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.
Дереккөздер
Санат:Шөжелер Санат:Еуразия құстары Санат:Азия құстары Санат:Еуропа құстары