Шақшақтар туысы () - Қазақстандағы Торғайтәрізділер құстар отрядының Шыбыншылар тұқымдасына жататын 13 туыстың біреуі. Шақшақ туысты құстар - шағын денелі (14-18 г) құстар. Олар әдетте бұталы шалғындарды мекендейді, жамылғы қауырсындарының реңінде қошқыл реңктер басым болады.
Мекен ортасы Шақшақ туысты құстар - жыл құстары, Африкада және Азияның оңтүстік өңірлерінде қыстайды.
Шақшақтардың түрлері Қазақстанда 3 түрі: жағал шақшақ, қара шақшақ және қарабас шақшақ кездеседі. Бұдан басқа Қазақстаннан тысқары Алтайда мекендейтін үлкен шақшақ бір рет Зайсан қазаншұңқырына ұшып келіп ендіҚұстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра.
Дереккөздер
Санат:Торғайтәрізділер