Іштік киімдер немесе ішкиім тігетін маталардың түрі мен атаулары да көп. Қазақтар маталарды сауда-саттықпен Ресей, Қытай, Бұқар, Парсы, Үндістан, Ыстанбұл т.б. жақтардан әкелген. Осыған байланысты түрліше атау қалыптасқан. Өкінішке орай сол атаулар таралған өңіріне қарай әрқалай аталса, оған қоса бір матаның түрлерін бір-бірімен шатастыра, ұқсата беретін үрдіс қазақтар арасында ертеден бері белең алған. Іштік киімдердің түрлері Шөжім – ішкиімдік, арзанқолды жұқа мата. Саң – шыттан қалыңдау, ақ түсті мата. Шыт – тұрмыста жиі қолданылатын, жеңіл әрі арзанқол жұқа мата. Сәрпөңке – астарлық жібек мата. Бояқ – кездеменің боялған түрі. Боян – боялған бөздің бір түрі. Борлат – қызыл түсті жұқа мата. Дабы – жұқа ақ матаның бір түрі. Ләмбек – сырткиімдік судыраған жылтыр қара мата."Қазақтың ұлттық киімдері" энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Киім