Гранада () — Гранада қаласындағы испан футбол клубы. Тарихы Granada Club de Fútbol 1931 жылдың 14 сәуірінде бастапқыда Recreativo de Granada атауымен құрылды; клубтың алғашқы президенті боп Хулио Лопес Фернандес тағайындалды.
Гранада алғашқы ойынын Депортиво Хаенге қарсы ойнады (есеп 2:1). Клубтың алғашқы добын Антонио Бомбиллар соқты. 1931-32 жж. маусымда клуб Tercera Regional – Región Sur чемпионатының Кубогын жеңді.
Бірнеше жылдан кейін, Гранада 1941-42 жж. маусымда Ла Лигада алғаш рет ойнады. 1980-ші жж. дейін клуб Ла Лигадан Сегундаға түсіп, қайта оралып жүрді. 1971-72 және 1973-74 жж. маусымдарда Гранада Ла Лигадағы ең үздік көрсеткіштеріне қол жеткізді (6 орын).
1959 жылы Гранада Копа дель Генералиссимода (қазіргі Копа дель Рей) финалға дейін жетті. Сантьяго Бернабеудағы финалда клуб 4-1 есебімен Барселонаға жеңілді.
1980-ші жылдары Гранада Сегундада кейбір кезде ойнап, негізінен Сегунда Лига Бда ойнады. 2002-03 жж. маусымда клуб ойыншылардың айлығын төлемеу салдарынан Төртінші дивизионға төмендетілді. Төртінші дивизиондағы төрт маусымнан кейін клубқа бұрынғы Реал Мадрид президенті Лоренсо Санс келді. Оның көмегімен клуб Төртінші дивизионнан Сегунда Бға көтерілді. Бұл уақытта клубта қаржы мәселелері туындады.
2006-07 жылғы маусымда Гранада Terceraдағы төрт маусымнан кейін IV топтың үшінші деңгейінде ойнады. 2009 жылдың шілде айында қаржылық мәселелердің кесірінен клуб жойылу деңгейіне дейін жетті. Клубтың дағдарыстан шығуына Удинезе клубымен жасасқан ынтымақтастық туралы келісімі көмектесті. Бұл келісім бойынша, Гранада сапында Удинезеден жалданған қосалқы және жастар құрамдары ойнады. Жаңа құраммен клуб 22 жылдан кейін қайтадан екінші дивизионға жолдама алды.
2010-11 жылғы маусымда Гранада чемпионатты бесінші орынмен аяқтап, плей-офф кезеңіне қатысу құқығына ие болды. Клуб эксперименталды плей-оффтың бірінші жеңімпазы атанды. Олар қатарынан Сельта және Эльче клубтарын жеңді. Осының арқасында Гранада 35 жылдан кейін Ла Лигаға қайтып оралды.
Дербилер Клубтың басты қарсыласымен ойыны дербиге айналған. Бұл: «Малага» клубымен ойын - Шығыс Андалусия дербиі ().
Дерби статистикасы 2015 жылдың 7 наурызына қарай берілген.
Турнир Ойындар саны Гранада жеңісі Тең есеп Малага жеңісі Ла Лига 20 8 5 7 Ла Лига Плей-офф кезеңі 2 1 1 0 Сегунда 36 10 10 16 Сегунда Плей-офф кезеңі 2 1 0 1 Сегунда Б 8 3 5 0 Терсера 2 2 0 0 Копа дель Рэй 9 5 1 3 Қорытынды 79 30 22 27 Жетістіктері
Ұлттық Сегунда: 1940–41, 1956–57, 1967–68 Сегунда Б: 1982–83, 1999–2000, 2009–10 Терсера: 1933–34, 2003–04, 2005–06 Копа дель Рэй: Финалист: 1958–59
Басқа Андалусия Кубогы : 1932–33 Андалусия Чемпионаты : 1971–72 Антонио Пуэрта Жүлдесі: 2010 Сілтемелер Санат:Испания футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары