Бакуловирустар () — омыртқасыздарды зақымдайтын вирустар тұқымдасы. Бакуловирустар пішіні бациллярлы, көлемі 250-400×40-70 нм, сыртқы жəне ішкі мембранасы бар. Геномы - екі шынжыршалы ДНҚ, шыбын-шіркейлердің торшаларында кристалл тәрізді (6 қырлы полиэдрлер) белок қоспалары болады. Бұл вирустардың негізгі өкілі - тұт ағашы жібек құртының полэдроз қоздырушысы. Бакуловирустар ауру тасымалдайтын шыбын-шіркейлермен күресуде қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы: "Мектеп" баспасы, 2002.
Дереккөздер
Санат:Вирустар