Ұлықбек Асанбаев Пахритдинұлы (өзб: Улуғбек Осонбоев; 13 қыркүйек , 1979 жыл, Шымкент, КСРО) — қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы, Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы.

Мансабы Шымкеннттік футболдың тәрбиеленушісі. 17 жасында Қазақстан чемпионатында дебютқа шыққан. Асанбаев сол кезде «СКИФ-Ордабасы» клубында болған.

1997 жылы Өзбекстанға көшіп, МХСК клубымен келісімшартқа отырған. Бір жылдан кейін «Дустлик» клубына көшеді. 2000 жылы Пахтакор клубымен келісім-шартқа отырады. 5 маусым ойнағаннан кейін Қазақстанға қайтып келеді.

2003-2006 жылдар аралығында Қайрат клубында ойнады. 2006 жылдың жазынан, 2009 жылдың қысына дейін «Ақтөбе» клубында ойнаған. 2010-2011 жылдарда – шымкенттік «Ордабасы» клубының ойыншысы.

2011 жылдың жазынан бастап «Ертіс» клубында ойнады.

2012 жылы футболшының мансабын аяқтауы туралы жариялады. Қазіргі кезде футболшылардың жаттықтырушысы болып жүр. 2012 жылдың жазында «Шахтёр» клубының директоры болып тағайындалды.

Қазақстан құрамасында 6 ойынға қатысты. Дебют 2006 жылдың 5 шілдесінде болды. Ойын Қырғызстан құрамасына қарсы өтті. Ойынды Қазақстан құрамасы жеңді (1:0).

Стаистикасы 1996 СКИФ-Ордабасы27 (0)1997 МХСК (Ташкент)4 (0)1998—1999 Дустлик15 (1)2000 Пахтакор38 (5)2001 Есіл (Көкшетау)16 (4)2001Жеңіс8 (0)2002 Есіл-Богатырь26 (1)2003 Жеңіс5 (0)2003—2006 Қайрат67 (7)2006—2009 Ақтөбе78 (7)2010—2011 Ордабасы34 (2)2011→  Ертіс (Павлодар)13 (1)

Жетістіктері Қазақстан чемпионаты: 2004, 2007, 2008, 2009 жылдар. Қазақстан жүлдесінің иегері: 2003, 2008 жылдар.

Сыртқы сілтемелер Профиль игрока на сайте УЕФА Профиль на сайте fannet.org Профиль на сайте soccer.ru

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Дустлик ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары