Тамыржусан () – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық шөлді және шөлейтті өңірлерінде кездеседі. Құрамында 6-11% шикі протеин, 3,7-9,6% май, 28-45% жасунық, 0,7% эфир майы, 1% сантонин, 10-12% көмірсу бар. 100 кг шөбінде 72-65 азық өлшемі болады. Гектарынан максимум 0,8-4,3 ц құрғақ шөп түседі.

Сипаттамасы Тамыз және қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі 20-30 см. Тамыры мүлдем ағаштанып кеткен. Сабағы жылтыр, қоңыр түсті. Жапырағы қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлі қос жынысты, ұсақ, сары және күлгін түсті болып келеді. Жемісі дәнек болып табылады. Құнарлы мал азығы.

Дереккөздер

Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер