Георгий Георгиевич Спицын (1902 жылы, қазіргі Горький облысы, Бор ауылы - 7 мамыр 1948 жыл) — КСРО көмір өнеркәсібін ұйымдастырушы дамытушылардың бірі, КСРО шығыс аудандары көмір өнеркәсібінің көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары. Өмір жолы 1921 жылдан бері КПСС мүшесі. 1919 жылдан бастап Смолепск губерниясында уездік, губерниялық, комсомол комитетінде жауапты қызметтер атқарады. 1933 жылы Мәскеу тау кен институтын бітіргеннен соң Мәскеу түбіндегі көмір бассейніне жұмысқа кіреді. 1937 жылы Донбастағы «Шахтерскантрацит» тресі басқарушысы, 1938 жылдан бастап «Ростовуголь» комбинатының бастығы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды көмір комбинатын басқарды. 1946-48 жылдары КСРО шығыс аудандары көмір өнеркәсібінің көмір өнеркәсібі министрінің орынбасары қызметін атқарады. Марапаттамалары Георгий Георгиевич Спицын бұл өнеркәсіп түріінің өнімділігі мен сапасын арттырғаны үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдарымен марапатталған.Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987
Дереккөздер
Санат:1902 жылы туғандар Санат:7 мамырда қайтыс болғандар Санат:1948 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО мемлекеттік қайраткерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері