Сарбас — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы Керей тайпасының Абақ Керей тармағынан таратылады. Керейдің аз руы. Көбі Алтай тауында қоныстанғанымен, 19ғ. соңы мен 20 ғ. бас кезіндегі әр - түрлі саяси ахуалдарға байланысты жан - жаққа бөлініп кеткен. Қазіргі таңда ҚХР Син Цзянь, Мори, Баркөл, Іле, Ақсай Қазақ авт. аудандарында, Қазақстанда - Алматы, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстанда, Моңғолияда - Бай Өлке, Қобда аймақтарында, Еуропада - Нидерланды, Вестерес, Стокгольм, Берлин, Мюнхен, Францияда, Түркияда мекендейді. Ұраны болған Сартоқай батыр - Аягөз, Бұлантыда болған Қазақ - жоңғар шайқастарына қатысқан белгілі батыр. Сартоқай немесе Сартқай атымен аталатын жер су аттары кездеседі. Қазақстан мен ҚХР шекаралық аймақтарында "Сартоқай" өзені бар. Сартоқай батыр туралы деректер өте аз сақталған. Таңбасы — Балға тәріздес. (Т) Сарбас руының малға салатын ен таңбасыда осы (Т) үлгісінде болып келеді. "Сарбас" сөзінің түп төркіні көне түркі тіліне келеді. "Басы сары адам" деген ұғымды білдіртеді. Сары түс пен "бастың" болуы түркілердегі ерлік пен батылдықты білдірген. "Сарбас", "Сарбаз", "Сарбаш" сөздерімен ұйқас келуінен, сөздің түп төркінінде басшылық, көсем сөзіне мәндес мағна жатқанын байқауға болады. Бас - адам денесінің ең қасиетті бөлігі. Сондықтанда басқа қатысты атаулар көшпелі халақтарда басшы болу, ерлік жасау, елін қорғау т.б сәйкес келеді. Көп кездесетін: Ойбас, Қызылбас, Сарбас т.б атаулардың көбі батрылық пен ерлікке байланысты қойылған. Түркі халықтарында "Сарбас" немесе сарбаш атымен аталатын рулар көптеп кездеседі. Қазақ ішінде Кіші жүздегі әлімнен тарайтын Қарасақал руында сарбас деп аталатын ата бар. Қарашай халқында сарбаш руы, таулы кавказ халақтарыда, қарғыздарда да кездеседі. Сарбас руынан елге танымал қазақ халқының бір туар азаматтары шыққан. Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари - Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны. Араб елінде Бейбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, қасиетті Байтолланың үстіне жамылған кілемді алмастыру бақытына ие болған қазақ, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы. Сонымен бірге түркі, қазақ жұртына танымал қажылардың қамқоры, Моңғолиядағы Баянөлгей орталық мешітін салдырған ұлтшыл азамат.

Абдолланың өз есімі - Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған, Орта жүз Керей ішіндегі Сарбас руынан. 1940-жылы қазақты қынадай қырған дұңған Мафуфаңның талауына түсіп, 13 жасында туған елінен айырылып, саудагер ұйғырға сатылып кеткен. 1941 жылы сол ұйғырмен бірге Сауд-Арабияға барып, сонда қалған. Міне осылайша Бейбарыстың тағдырын қайталаған тағы бір алып тұлға өмірге келді.

Әкесі Сары атасы Үрзікенің қол астында балуан, батыр, өжет мінезді, елпек болып, ағасы Буратайдың ел басқаруындағы бас қолғанатына айналған. Әкесі Сары Үрзікеұлы, кең иықты, қапсағай денелі, Буратай ауылының 500 жылқысын шырғасын шығармай қайыратын мықты палуан екен.

Анасы Зәуке - Керей, Жәнтекей ішінде Тасбике, атақты Әліп батырдың немере туысы Құсайын Тәйжінің қызы. Қоңқақ мұрын, сарғыш келген, биік бойлы, қайратты да мығым әйел болған. Жастайынан еркекше киініп, жылқы баққан екен.

Әйелі Замзия - араб қызы.

Ұлдары: Байсал, Адынан, Әділ. Қыздары: Нәдия, Әбдісәм, Сәмия, Әриш.

Бұрынғы әйелінен туған бір қызы болған, есімі белгісіз.

Шәкен Сарыұлы 1941 жылы асырап алған ұйғыр әкесімен бірге Сауд-Арабия еліне келген. 1942 жылдан бастап Мекке қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленген.

1946 жылы Мекке қаласындағы Мемлекеттік Әскери Университетке қабылданады. Шәкен оқу бітіргесін Мекке қаласында жол сақшысы болып істеген. Кейін Шекара Қорғаныс армиясында, Шекара Қорғанысының есірткімен күрес бөлімінде маңызды қызметте болады. Екі рет мемлекет тарапынан марапатталған. Атап айтқанда, «Ерекше еңбегі үшін» марапаты мен «Мемлекетке еңбегі сіңірген генарал» атағы беріліп, Министр дәрежелі әскери қызметкерге айналады. Өткен ғасырдың 70-жылдары Мекке қаласының әкімі міндетін 10 жылға таяу атқарған кейін Сауд патшасының көмекшісі, уәзірі қызметіне дейін көтерілген. 1992 жылы зейнетке шығып туған жері Баркөл Қазақ Автономиялы ауданына барып қайтты.

Өз өмірінде 39 мәрте қажылық еткен Шәкен қажы Сарыұлы 2000 жылы Сауд-Арабияның Жидда қаласында 73 жасында дүниеден өтті.

Қазір біздің білетініміз: Шәкеннің 2 ұлы ұшқыш, бір ұлы Аднан Шәкенұлы Әл-Бұхари әкесінің жолын қуған жоғары лауазымды қызметте.

Алла қаласа алдағы уақытта, Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари туралы ақпаратымызды толықтырып, жинастырып немере апайы Займоллақызы Өпеннен туған жиені Қайрат Қайполлаұлының нағашы атасы туралы жазған өмірбаяндық сипатсөзін (очеркін) жариялайтын боламыз. Қайрат Қайполланың ол шығармасында 1930-1980 жылдар аралығындағы Қытайдағы қазақ өмірі мен 1930-1950 жылдардағы зұлматты тағдырлары мен Шәкен қажының 13 жасқа дейінгі қазақы өмірі мен одан кейінгі қазақсыз өмірі баяндалады. Қожақапан балуа, Буратай тәижі (тәйжі - шен, лауазым) Кәбен тәижі, Белгілі жазушы Қабылқақ Күлмесханұлы (17. 11.1944 жылы туған, ҚХР) - ақын. "Тұманды дала", "Үрнақ", "Иенде", "Керсағым", "Домалақсел" повестері және бірнеше әңгімелері бар. 'Қабылқақ Күлмесханұлы (17. 11.1944 жылы туған, ҚХР) - ақын, жазушы. ҚР жазушылар одағының мүшесі."Тұманды дала", "Үрнақ", "Иенде", "Керсағым", "Домалақсел", "Шытырман жылдар" повестері және бірнеше [әңгіме]лері бар.Отанға оралғаннан кейін "Тұманды дала" повесті Жұлдыз журналының 1993 жылғы 11 санында аударылып жарық көрді. Қабылқақ Күлмесханұлы - 1993 жылы ҚХР алғашқы заңды түрде қазақ көшін бастады. Іледегі Педогокикалық учелищені бітірген. ҚХР дегі Гансу өлкесіндегі Ақсай Қазақ Автономиялық ауданындаға аз сандық қазаққа, мұғалім болып, ағартушылық қызыметтерін атқарды. Қазақстанға алғаш рет Шуға, одан, 1997 жылы Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Нұрлы ауылына көш бастап келді. Кейін 2005 жылы Алматыда қайтыс болды. Қазірде 2 ұлы 3 қызы бар. Олар Алматы обл. Іле ауд. Боралдайда тұрады. Буратай белдемше ұлы 12 кереидің төрт тайжысының бірі, тариыхта аты бар ұлы адам. бұл елдің жасаған ортасы, өмір кешірмелеріне байланысты, көшіп қонуында ұзақ, күрделі тарихи барысты бастан кешкен ел. буратай ауылының көші 1912-жылдан басталып 1959-жылға деиін жеті ұзын тарихи көш жөлімен аяқтады. артық-ауыс жерін оқырман қауым толықтай жатар... бірінші көш 1912-жылы мұңғұлдар алтай еліне кең көлемді шабул жасаған. бұл оқиғаны тариыхта «мұқыр толқа» оқиғасы деп атайды екен. осы мұқыр қолқа шабуылынан үріккен буратай ауылдары бәркөлге келген. алайда көп байздап тұра алмаған. мұндағы басты себеп: құмыл-бәркөл арасынан бір ұйғұрдың жүз жылқылық дүниесі тоналады. бұл дүниені «осылар тонады»,-деп үкімет буратай тайжының шаяхымет, құнапя, сымағұл қатарлы үш жігітін найманмолла деген адамның жала жәбуімен қолға алады. «жұз жылқылық мал-мүлік төленсе адамдар түрмеден шығады, төленбесе адамдар атылады» деген үкімде шығады. буратай елінен жүз жылқыны жинап бәркөлге айдап бара жатқан жолда «үш жігіт атылды» деген хабар келеді. буратай бәркөлге кіріп, «малыңды берсем, адаммды неге атасың?»,-деп дау көтереді. үлкен жаңжал-төбелес шығады. үрімжіге деиін арыз көтеріп, бұл оқиғаны тексертіп «үш жігіт нақақ» деп ақталады. бәркөл әкімі мәнсәбінән алынады. үш жігітке жала жапқан найманмолла үлімге үкім етілгенде қашып кетіп сол бойы із-дерексіз кетеді. осыдан кеиін буратай:«бұл жер малға жәйлі боғанмен, адамға тұрақ болмайды» екен деп алтайға ат басын бұрады. бұл 1914-жылы еді. екінші көш 1924-жылы алтайдан бура тәйжі, шақабай ноғайбай үкірдәй, « жер тарылды, бәркөлге мал отарлатамыз»,-деп 2000 түтіммен алтайдан бәркөлге көшкен. буратай ауылы қуаршаға келгенде алдарынан бәркөл ауданынң (қара шипан) әкімі қасында әліп үкірдәй, әшірәп шаңызұң (ұйғұр) бірнешеуі қуыршақ әскерлері бар алдарынан шығады. ауылға келгенде өте сұсты келеді. «бұл не қылған ел? қайдан келген? дереу көшсін!»,-деп қоқайланады. мұны естген буртай тәйжі «әліпке айтып адамдарды үйге түсіріңдер:,-деиді. үйге келгенде әкім суық рай байқатады. есіктен кіре тәйжіні тежеи:- сен кімсің? қайдан келдің? бұл сен жүретін жер емес!,-деп ақырады. буртай әкімге:- мені сенің әкеңмін! қайдан келген, кім екенімді мынадан көр!,-деп астындағы аю терсінің астынан сарқалталы гүңсі қағаз алып, әкімнң алдына тастайды. «кешіріңіз, түсінбестік болды»,-деп кешірім сұрайды. сүйтсе, бұл қағаз алтайдан көшерден ілгері, үріжіде яңызшыңның берген «буратай тәйжінң елі, бәркөлге деиін мал оттатады. ешкімнің жолын тосуына болмайды» деген бекітпе жолдамасы екен. осыдан кеиін үркердеи болған жұрт көңілі орнығып, қонақтар қонақ үйде арнайы күтіледі. ертесі аттанарда, әкім буратайдан тағы бір мәрте кешірім сұрайды. тайжы әкімге:-кеше мен саған, сенің әкеңмін деген едім, үйткені менің жасым сенен үлкен сондықтан айтылған сөз болатын. жөн білетін азамат екенсің, сенде көңіліңе ауыр алма,-деиді. әкім аттанарда тағы «келген екенсіз бәркөлдің жері кең, шөбі шүйгін, суы тұнық қай жеріне барып мал жәйылтуыңызға болады»,-деп аттанады. үшінші көш 1926-жылдың көктемі. «жұрт көңілі алтайға ауды, елді, жерді сағындық»,-деп алтайға қайта көшкен. малдың жәйімен көшкен елдің алды бәйтікке, арты мори жерінде отырғанда, буратай тайжының көкірек ауыруы шұғыл асқынып дүние салады. сүйегі моридың « төбел там » деген жеріне қойылады. осы жерде ел тайжынң басын үйлеп қорған тұрғызып, қырқын берген соң алтайға жалғасты көшеді. бұл 1926-жылдың тамыз айы екен. төртінші көш 1933-жылдың соңы. сырт мұңғұлдан атты әскер, айроплан шығып алтай елін бомбылайды. қангелды, секел ауылдары шабуылға ұшырайды. мұны тарихта «жалғыз айроплан заманы» деиді екен. осыдан үріккен ел бәйтік, қаптық, көксеркеге келіп, одан бәркөлге өткен. алды буратайдың балалары қабдолла, займолла, қайбар бастап келген. 1934-жылдан 1950-жылға деиін бәркөлде орнықты өмір өтікізген. бесінші көш 1950-жылдың 11-айда кәбенінң бастауында буратай ауылдары қыстаймыз деп, сантахудың шығсы сақасанжге түсіп, соғым сойып қыстап жатқанда, алтайдан оспанынң артынан шыққан қапас батыр, кешәпәт, шамшитқан 40 жігітпен ауылдың үстінен түседі. бұл еліміз азат болып, азаттық армяның бәркөлге келіп жатқан кезі, бүкіл ауыл үлкен мәселеге тап болады. бұл ахуалды қалай шешу жөнінде кәбен тайжы қапаспен ақылдасқанда, қапастың кәбенге айтқаны:-« екеуіміздің мына кездесуімізді шешудің шарасы екеу бірі: еліңді бастап менімен бірге гәнсуге көш, не көрсекте бірге көреміз. ал екншісі: саған ең пайдалы шара мені ұстап байлап-матап қазыргы келіп жатқан патшаға тапсырып бер. сонда сен ең жақсы адам боласың. бірақ мұндай етуге сенің шамаң келмеиді. үйткені, мен жасанған жауымын. ал қаламын десең еркің қал. бірақ ертең қапасты ат-көлік, азықпен қамдап шығарып жіберген деген сөзде сенің кеинігіңе қандай болады, оны өзің ойланып көр»,-деиді. «ауызы күйген сорпаны ұрып ұрттайды» кәбенінң көз алдына шыңшысай түрмесіне кеткен ағалары елестеиді. жаңа келіп жатқан көмпәртяні түсінбеиді. 1951-жылы 1-айдың 4-күні кәбен, мұқадыл, қапас бастап (мың түтін) сақадан гәнсуге көшеді. азаттық армя елді қайтарып келу үшін өмір тауынан тосқан екен. түн, қалың көш аяқ астынан атылған мылтық дауысынан шошынған тіркеулі қалың түйе бір-біріне оралып қала береді де, адамдардың көбі жаяу-жалпылы салт қашып шықты. ертесі қапас бастатқан бір бөлім азаматтар қалған мал-мүлікті қайтарып келеміз,-деп барып азаттық әрмямен атысып, қапасқа оқ тиып ортан жілгі үзіліп жараланады. басқалары қалған түйеден азынаулақ түйе алып қайтып келеді. қыстың қақаған суығы ел жалғасты көшіп, қананбар тауынан асып, қайызға барса, бұрын кеткен оспан, жанабыл, салақиттан елі осы қайызда екен. бұған кәбен, мұқадыл, қапастың 40 жігіті келіп қосылдық. бұл 1951-жылы 1-ай мөлшері.