Таукент кенттік әкімдігі — Түркістан облысы, Созақ ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Таукент кенті кіреді. Орталығы - Таукент кенті. Округ құрамында болған Айгене ауылы 2015 жылы таратылған.Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы бірқатар елді мекендерді тарату туралы
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Таукент кенті6702 7673 114,5 3277 3866 118 3425 3807 111,2
Ауыл бөлімшелері Ауыл әкімдігіндегі халық саны-6702, отбасылар саны-1672. Бір орта мектеп, бір негізгі мектеп, бір емхана, бір балабақша, бір мәдени-спорт кешені, екі кітапхана бар. Ауыл әкімдігінде “Қазатомөнеркәсіп” корпорациясының 10 филиалы орналасқанШолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл. Халық қаһармандары 157 адам Ұлы Отан соғысына қатысып, 111-і хабарсыз кетті, 46 соғыс ардагері елге қайтып оралды. Қазіргі кезде бір ардагер барШолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл. Ауылдық кеңес төрағалары Таукент поселкесі әкімшілі құрылғаннан бері әкім болып Рысбеков Сапарәлі (1982-1986 жылдары), Николай Иванович Шкуренко (1986-1995жылдары), Болат Зекенов (1995-1998 жылдары), Аманбек Мұсабеков (1998-2002 жылдары), Бекзат Әлмағанбет (2002-2007 жылдары) қызмет атқарды. 2007 жылдан бері Шабден Игіліков ауыл әкімі қызметін атқаруда. Жыныс елді мекені 1928 жылдан 1959 жылға дейін “Октябрь” ауылы деп аталған және сол кезденгі колхоз төрағалары болып Сейсенбиев Әбдіхалық, Берденов, Қаратілеков Несіпбай, Қанаева Мария, Есенжаров Ысқақ қызмет атқарды. 1959 жылы “Октябрь-5” ауылы қазіргі Абай ауылындағы Алғабас колхозына қосылған. 1962 жылы Сызған совхозына қосылып, 1 фермасы болып аталдыШолаққорған-2008 кітабі. “ЖЕБЕ” баспа үйі 2008 жыл.
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы ауылдық округтері