Бірлік — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Бірлік ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан солтүстікке қарай 48 км жерде, бетеге, боз, қау, сұлыбас өскен далалық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1132946 829 87,6 507 442 87,2 439 387 88,2

Тарихы 1930 жылға дейін “Қарабие” ауылы, ұжымдастыру жылдары “Егінді” ұжымшары, 1961 жылдан “Бірлік” қой өсіру кеңшары болып аталды. Ауылда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы елді мекендері