Болат Әбішұлы Байтанаев (20.2.1944, Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылы – 20.8. 1998, Шымкент қаласы) – әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
Өмірбаяны Шымкент педагогика институтын (1967, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген. ҚазПИ-дің (1972, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген. Шымкент педагогика мәдениет институтында аға оқытушы (1967–1969), педагогика институтында кафедра меңгерушісі (1976–1978) Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, декан, аға ғылыми қызметкер (1978–1981) Шымкент педагогика институтында (1981–1988) қызметтер атқарған. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде декан, кафедра меңгерушісі, профессор.
Ғылыми жұмыстары 1994 жылы «Қазақ романының көркемдік құрамындағы ауызша-ақындық дәстүрлер» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 50-ден астам ғылым жарияланымның авторы.Қазақ энциклопедиясыОтырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:20 ақпанда туғандар Санат:1944 жылы туғандар Санат:Шәуілдірде туғандар Санат:20 тамызда қайтыс болғандар Санат:1998 жылы қайтыс болғандар Санат:Шымкентте қайтыс болғандар Санат:Қазақстан әдебиеттанушылары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлары