Дэдпул (Уэйд Уинстон Уилсон, ) — кейіпкер, Marvel Comics комикстерінің теріс қаһарманы. Суретші Роб Лайфилд және жазушы Фабиан Нициеза алғаш рет The New Mutants#98 (1991 ақпан) комиксінде жарыққа шығарған. Су жаңа техникамен жабдықталған Дэдпул „Сайрауық жалданба“ деп аталып кеткен. Бұл кейіпкер жанкүйерлері арасында өзінің томырықтығымен, шешендігімен және әзілқойлығымен даңқы шыққан. Икс адамдарындағы Құну (Marvel comics) секілді, Дэдпул да «Икс қаруы» атты бағдарламаның тәжірибелерінен өткен. Ғалымдар Дэдпулды қатерлі ісіктен құтқару ушін жасушаларын регенерацияға қабілетті етуді көздеді. Бірақ есесіне Дэдпул көріксіз, психикасы тұрақсыз болып қалды. Бастапқыда Дэдпул Жаңа мутанттардың, ал сосын «Икс күші» командасындағы Сиренаға деген махаббатына қарамай, солардың қарсыласы болды. 1997 жылы кейіпкер өзінің жеке комикс топтамасына ие болды. Аталмыш комикс басты кейіпкердің өзінің жай ғана кейіпкер екенін түсінгендігінен үлкен атаққа ие болды. 2004 жылдың мамырында Дэдпулдың теріс қаһарман–мутант Кейблмен бірге түскен жаңа топтамасы шығады. Кэйблдың жеке топтамасы шыққандықтан комикс 50 сериямен бітеді. әққү жылы Дэдпулдың жаңа жеке топтамасы жарық көреді, ал әққұ жылы кейіпкер бірінші рет «Икс адамдары: Басы. Құну» фильмінде көрініс табады.
Күші мен қабілеті Дэдпулдың ең басты қабілеті регенерация болып табылады. Жарақаттың ауырлығына қарай Дэдпул бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейінгі уақыт аралығында қалпына келеді. Ол ешқандай аурумен зақымданбайды. Сонымен қатар, Дэдпулдың регенерациялау қабілетін қарапайым келбетке біраз уақытқа өзгертетін іріткі бар. Регенерация Дэдпулға ұзақ өмір сыйлайды (800 жылдан кейін тірі болатыны белгілі). Қайта оңалу қабілеті кейіпкерге сонымен қатар адам ойын оқу қабілетін береді. Дэдпул– әлемдегі ең мықты кісі өлтірушілердің бірі. Мергендігімен қатар Дэдпул бүкіл суық қаруларды орынды істетуге шебер.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер http://lurkmore.to/Deadpool http://tube.jonews.ru/watch/MfpU83TKHnI
Санат:1991 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:Комедия кейіпкерлері Санат:Marvel Comics кейіпкерлері Санат:Икс адамдар кейіпкерлері Санат:Роб Лифилд ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Фабиан Лициеза ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Суперсарбаз кейіпкерлер Санат:Ойдан шығарылған бас аулаушылары Санат:Ойдан шығарылған снайперлер Санат:Marvel Comics басылымдары