Асан ауылдық округі — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Асан, Үштаған ауылдары кіреді. Орталығы – Асан ауылы.

Тарихы Асан ауылдық округі Атырау облыстық әкімиятының 12. 10. 2006 жылғы № 245 қаулысы мен III сайланған Атырау облыстық мәслихатының 08.12.2006 жылғы 343-ІІІ шешімі негізінде құрылды.Құрманғазы ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1150 адамды (605 ер адам және 545 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Округте 100 ден астам зейнеткер, 34 I, II, III топ мүгедектері, 9- ҰОС кезінде тылда жұмыс жасағандар, 1 ауған соғысының ардагері, 31 «Алтын алқа» және 18 «Күміс алқа» иегерлері мекен етеді. +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009) Асан 500 511 578 Үштаған 410 617 760

Сипаттамасы Округтің барлық жер аумағы 149900 га, жайылым -122200 га көлемінде. Округ оңтүстігінде Еңбекші, Дыңғызыл ауылдық округі жерлерімен, батысында Азғыр, Сүйіндік ауылдық округі жерлерімен, солтүстігі және солтүстік шығысында Батыс Қазақстан облысы жерімен, шығысында және оңтүстік шығысында Атырау облысы Исатай ауданының жерлерімен шектеледі.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5

Инфрақұрылымы 2 мектеп, 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. 7 жеке кәсіпкер, 31 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Округ әкімдері Асан ауылдық округінің алғашқы әкімі болып Ж.Жаманқұлов тағайындалды. Одан кейін Н.Әубекеров, Г.Қабдірашитов округ әкімі қызметін атқарады.

Асан ауылдық округінің жер-су атаулары Маймақ — Үштаған мекенінің солтүстігінде 15 шақырым жердегі Маймақ аталатын биік төбелі жер. Бұл жердің атауы осындағы қорымнан туындайды. Мал жайып жүрген малшы қанша мерзім өткені белгісіз, биік төбе басынан тапжылмай тұрған атты көреді. Ниеті ауып барса, аттың дәл алдында ұзыннан сұлап түсіп өліп жатқан адамды көреді. Әлгі малшы қарға-құзғынға жем қылам ба, әрі мәйіті бүлініп кетер деген ниетте бұйырған жер осы деп жерлегелі жатқанда саусағындағы алтын сақинада көне жазумен «Маймақ» деген сөзді көреді.

Лаубай — жер атауы, кезінде елді мекен болған. Аудан орталығы Құрманғазы ауылының терістігінде 110 шақырым жерде орналасқан, биік ақ шағыл төбе, батыс іргесінде жағасында аздаған ауыл орналасқан, соры бар, жері бұдырлы.

Үштаған — Қазіргі Үштаған ауылынан 30-35 шақырым жердегі кешегі колхоз, совхоз кезінде қоғам малы қыстайтын, елді саудамен, азық-түлікпен қамтамасыз жасау үшін дүкен болған үлкен ескі орын. Қазір бұл аралықта үлкен су жоқ, бірақ жазғытұрым қар еріп, мол жауған жаңбыр сулары жиналатын, көпке дейін құрғамай суы сақталатын үлкен-үлкен сайлар бар. Шамамен 1915 жылдар шамасында осы өңірді жайлаған Тәжібай Бүйінтаев деген байдың жазғы жайлауы болған. Сол кезден бері қарай шекаралас жатырған Астрахан, Теке, Үйшік округтерінің басқарушылары мүдделі мәселелері туындағанда осы Тәжібай байдың ауылына жиналып кеңесетін болған. Осы жерді ошақтың үш бұтындай деген тұжырыммен «Үштаған» деп атап қойған.

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері