Юсуф Чим - түрік актері, әнші және модель. Юсуф ЧимТуған күні:26 қыркүйек, 1991 жылыТуған жері:Стамбул, ТүркияҰлты:түрік Өмірбаяны Юсуф Чим Түркиядағы Ыстамбұл қаласында 1991 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келген. Ол үш баладан кейінгі туған үйдің кенжесі. Юсуф Анатолы кәсіби – техникалық мектепте жоғары оқуда оқыған. Содан кейін ол Ыстамбұл қаласындағы Арель университетінде радио және теледидар факультетіне қосылды.
2009 жылдан бастап, жарнамаларда түсе бастады (AVEA, Г.С. Mobile, Castrol, Blast, İpragaz). 2011 жылы Юсуф «Түркия үздік моделі» атағын жеңіп алды. Осыдан кейін Günsel Ülkü, Forever Young, Damat, Kiğili, Tween, Ralp Lauren, Hatemoğlu, Polo, Mango, Marks&Spencer секілді атақты дизайнерлердің шоуына қатыса бастады.
Юсуф Чим бала кезінен бері музыкамен айналысады, 2013 жылдың тамызында, ол өзінің алғашқы жеке альбомын «Olsun Bi Kere» шығарды.
2014 жылы режиссер Тайфун Гюнейер Чимды өзінің жаңа "Езра" сериалында басты рөлді сомдауға шақырады. Осы сериалда Юсуф түрік полиция комиссары Мұстафа болып ойнайды. Киноға түсумен қатар ол жаңа альбом шығару бойынша жұмыс істеді.
Фильмография Түрікше атауыҚазақша атауыРөліШыққан жылыЕзраЕзраМұстафа2014Çilek KokusuҚұлпынай иісіБурак2015
Дереккөздер
Санат:Түркия актерлері Санат:Түркия əншілері