Нарын ауылдық округі — Атырау облысы Исатай ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Жаңа Жанбай, Мыңтөбе, Нарын ауылдары кіреді. Орталығы – Нарын ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том. Үштаған 2007 жылдан бастап Мыңтөбе селосының құрамына енгізілген.Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1145 адамды (632 ер адам және 513 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Нарын 395 651 842 812 Жаңа Жанбай - 249 296 287 Мыңтөбе 181 254 156 46
Сипаттамасы Ауылдық округтің 298 555 га. ауылшаруашылығы бағытында жер көлемі бар. Шығысында Нарын құмы өңіріне қарай Жанбай ауылдық округі, Үштаған бойында Тұщықұдық ауылдық округі, батысында Құрманғазы ауданы және оңтүстік-батысында Зинеден ауылдық округі жерімен шектеледі. Ауылдық округгің орталығы Нарын бекеті Атырау - Астрахан теміржолы бойында, Аудан орталығынан 50, облыс орталығынан 140 шақырым жерде орналасқан.
Тарихы Нарын ауылдық округі Исатай ауданындағы ең жас мемлекеттік құрылым болып табылады. Атырау облыстық әкімшілігінің «Исатай ауданында Забурын ауылдық округі жерінен Нарын және Жанбай ауылдық округтерін құру туралы» 2002 жылдың 21 ақпандағы №96 қаулысы, Атырау облыстық мәслихатының 19.04.2002 жылғы XVII сессиясының «Исатай ауданында Нарын, Жанбай ауылдық округтерін құру және Исатай, Забурын ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық шекараларын өзгерту туралы» шешімі негізінде құрылды.
Округте Жаңа Жанбай елді мекенінің салынуы, 1989 жылдан бастап Каспий теңізінің тасуынан сол кездегі Забурын совхозының орталығы Жанбай селосына су басу қаупі төнгендіктен туындады.
Ауылдық округ аумағында Тайман газ айдау стансасы мен 1997 ж. ашылған «Сазанқұрақ» мұнай кен орны тұрғылықты халықты жұмыссыздықпен қамту мәселесіне өз әсерін тигізді.
Әлеуметтік нысандары Ауылдық округ орталығы Нарын ауылында Нарын орта мектебі, Жаңа Жанбай елді мекенінде бастауыш мектеп бар, оларда 204 бала оқуға тартылған, 25 орындық Нарын балабақшасы жұмыс істеуде. Ауылдық округ тұрғындарына ФАП, 2 кітапхана, клуб, пошта, «Қазақтелеком» бөлімшесі қызмет көрсетеді (2018 ж.). Қиғаш - Маңғышылақ су құбыры, КТК мұнай-газ құбырлары ауылдық округі жерінен өтеді. Ауылдық округтегі Нарын ауылы мен Жаңа Жанбай елді мекені толық газбен және ауызсумен қамтылған. Ауылдық округ ғаламтор жүйесімен қамтылған. Ауылдық округ көлемінде «Сазанқұрақ» өндірістік кен орны, «Мыңтеке» кен орны, «Тайман» газ айдау алаңы өндіріс орны және Атырау - Астрахан тас және теміржол желісі өтеді.
Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік Ауылдық округке қарасты жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтарында 01.01.2018 жылға 1441 бас мүйізді ірі қара, 5189 бас қой-ешкі, 1059 бас жылқы, 1009 бас түйе бағылып, ауы-шаруашылық өнімдерімен жергілікті халықты қамтамасыз етуде.Исатай ауданы, Алматы "Сардар", 2018 ISBN 978-601-80678-6-0
Нарын ауылдық округі әкімдері 2002-08 жж. - Рахметолла Ғұбашев; 2008-13 жж. - Ерболат Насимуллин; 2013-14 жж. - Махамбет Ғилымов; 2014 жылдан- Рухолла Такенов.
Нарын ауылдық округінің жер-су атаулары Сазанқұрақ — Нарын құмының оңтүстік жиегіндегі Нарын ауылдық округінің аумағындағы жер атауы. Сазанкұрақ Бөкей хандығы кезінде беріш Ағатай руының қонысы болған.
Дереккөздер
Санат:Исатай ауданы ауылдық округтері