Майлау – Ақмола облысы Ерейментау ауданының батысындағы тау. Ауданның Целиноград ауданымен шектесетін жерінде орналасқан. Ерейментау қаласынан батысқа қарай 75 км, Веренка ауылынан батысқа қарай 35 – 37 км жерде.
Жер бдері Абсолюттік биіктігі 404 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Сілеті өзеніне қарай түсетін солтүстік және батыс беткейлері тіктеу.
Геологиялық құрылымы Ордовиктің тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында қараған, сұлыбасты қылқан, боз аралас шөптесіндер өскен.«Ақмола облысы» энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары