Халк (Дәрігер Брюс Беннер) – Marvel Comics баспасында шығатын әйгілі қаһарман. Стэн Ли және Джек Керби ойлап тапқан. Алғаш рет «The Incredible Hulk #1» комиксінде көрінді. Сол сәттен бастап Marvel’дің ең әйгілі қаһармандарының біріне айналды.
Мінездеме Брюс Беннер Брюс Беннер - Халктің негізі болып табылады. Комикстердің барлығында Беннер – данышпан. Әртүрлі авторларда оның мінезі әртүрлі болып келеді. Кейбіреулерінде ақылсыз дәрігер, басқаларында керісінше өзін-өзі ұстай алатын, сыпайы адам болып кездеседі.
Халк Гамма бомбаны сынау кезінде Брюс Беннер сынау полигонында болған жасөспірімді құтқару мақсатында өзі гамма сәулеленуге ұшырады. Осылайша Брюс Беннердің екінші тұлғасы — Халк пайда болды. Осы сәттен бастап Брюс Беннер ашуланған жағдайда Халкқа айналады. Халк және Беннер бір денеде болса да, олардың құндылықтары және мінездері мүлдем әртүрлі. Кейбір себептерге байланысты Халк ашуға толы құбыжық. Алайда ішінде кейбір адамдардан да жақсы және адамгершілігі мол тірі адам жатыр. Халк неғұрлым ашулы болған сайын, соғұрлым күшті бола түседі. Сондықтан да оның күші шексіз. Әдетте Халктың артынан әрқашан әскерлер қуалап жүреді.
Комикстерден аулақ Халк Кино Атауы Режиссері Актері Жылы Халк Энг Ли Эрик Бана 2003 Ақылға кірмейтін Халк Луи Летерье Эдвард Нортон 2008 Кек алушылар Джозеф Уидон Марк Руффало 2012 Кек алушылар 2: Альтрон дәуірі Джозеф Уидон Марк Руффало 2015
Мультихикаялар Атауы Дауысы Жылы Ақылға кірмейтін Халк Лу Ферриньо және Нил МакДоноф 1996-97 Кекшілер: Жердің алып қаһармандары Фред Татаскьор және Габриэль Манн 2010-13 «Marvel Super Heroes» Макс Фергусон және Поль Соулс 1966 Халк және С.О.Қ.Қ.Ы агенттері Фред Татаскьор 2013
Дереккөздер
Санат:1962 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:Джек Кирби ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Marvel Comics кейіпкерлері Санат:Кек алушылар кейіпкерлері Санат:S.H.I.E.L.D. агенттері Санат:Компьютерлік ойындар кейіпкерлері Санат:Ойдан шығарылған қолбасшылар Санат:Ойдан шығарылған физиктер Санат:Ойдан шығарылған корольдер Санат:Ойдан шығарылған данышпандар Санат:Суперкүші бар Marvel Comics кейіпкерлері Санат:Супержылдамдығы бар Marvel Comics кейіпкерлері