Шығыс Маньчжурия таулары, Чанбайшань, Чанпэксан – Маньчжурия-Корей тауларының солтүстік-батыс бөлігі. Қытай (көп бөлігі) және Корея жерінде. Ұзындығы 130 км. Негізінен базальттан түзілген. Терең аңғарлармен тілімденген. Биіктігі 2744 м (Байтоушань жанартауы). Беткейлерін қылқан жапырақты орман жапқан. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том Дереккөздер

Санат:Қытай географиясы Санат:Корея географиясы Санат:Азия таулары