Братиславадағы экономика университеті (словацк. Ekonomická univerzita v Bratislave) — Словакияның экономикалық бағыттағы көне университеті. 1940 жылы жекеменшік Братислава Жоғары Коммерциялық мектебі (Vysoká obchodná škola v Bratislave (VOŠ)) ретінде негізі қаланған. 1945 жылы ол Словакия Жоғары коммерциялық мектебі ретінде мемлекет меншігіне айналды. 1949 жылы атауы Шаруашылық жоғары мектебі деп өзгерді, 1952 жылы - Жоғары экономика мектебі деп қайта өзгерді. Қазіргі атауы 1992 жылы берілген.Ректор - проф. инж. Фердинанд Даньо, д-р ф-фии.
Факультеттер Братиславадағы экономика университеті жеті факультеттен тұрады: Ұлттық экономика факультеті Коммерция факультеті Экономикалық информатика факультеті Кәсіпкерлік басқару факультеті Халықаралық қатынастар факультеті Қолданбалы тілдер факультеті Кошице қаласындағы Экономикалық-кәсіпкерлік факультеті
Сілтемелер http://www.euba.sk/ Санат:Алфавит бойынша университеттер