Шортанды – Тобыл өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Қостанай облысының Жітіқара ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 74 км, су жиналатын алабы 1200 км2.
Бастауы Торғай үстіртінің батысында, Шевченко ауылынан 1 км жердегі бұлақтардан басталып, Глебовка ауылы тұсында Тобылға сол жағынан құяды.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
Дереккөздер
Санат:Жітіқара ауданы өзендері