Орналасуы Федоров аудандық «Жиентай қажы» атындағы мешіт Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоровка ауылы, Пушкин көшесі, 44-үй мекенжайында орналасқан.

Жиентай қажы мешіті Мешіт ғимараты 1996 жылы бұрынғы ветеринариялық дәріхана («Ветаптека») ғимаратын мешітке бейімдеу арқылы ашылған. Мешіт ауласының жалпы көлемі 80 × 40 метрді құрайды. Мешіт ғимаратының өлшемдері 20 × 20 метр, екі бөлмеден тұрады және шамамен 100 адамға арналған. Ғимараттың биіктігі — 2,5 метр. Пішіні төртбұрышты, сыртқы безендірілуінде арнайы өрнектер мен айрықша сәулеттік элементтер жоқ. Мешіттің ішіне кілемдер мен көрпешелер төселген. Мешіт күмбезі ғимарат төбесінің ортасында орналасқан, биіктігі — 3 метр. Ғимараттың төрт бұрышында биіктігі 1,2 метрден болатын төрт мұнара бар. Күмбез бен мұнаралардың төбелеріне ай бейнелі белгілер орнатылған. Мешіт аумағында кірпіштен салынған қосалқы ғимараттар, соның ішінде автокөліктерге арналған гараждар бар. Гараждардың ұзындығы — 20 метр, ені — 6 метр. Мешіттің сыртқы көрінісін бейнелейтін екі және ішкі көрінісін бейнелейтін үш фотосурет қоса ұсынылады. Фотосуреттерде ғимараттың сыртқы және ішкі көріністері, сондай-ақ сыртқы қабырғаларындағы жазулар көрсетілген.

Сілтеме http://akmechet.kz/kz/info/mechetiobl/mechetkaz009.html

Санат:Қазақстан мешіттері