«Өсекші қыз» (ағыл. Gossip Girl) – американдық жасөспірімдерге арналған драма. Сесил фон Цигезардың кітабы бойынша түсірілген. Сериал идеясы Джош Шварц және Стефани Саважқа тиесілі. Тұсаукесері 2007 жылы 19 қыркүйекте The CW арнасында өтті.
«Өсекші қыз» алғаш рет эфирге 18 қыркүйекте 2007 жылы Канадада CTV арнасында шықты. Одан да ертерек 14 қыркүйекте эпизодты iTunes Store бағдарламасында тегін жүктеуге болатын. Бірінші маусымның тұсаукесері 18 қыркүйекте 2007 жылы өтті, 2008 жылы 19 мамырда аяқталды, 18 эпизодтан тұрады. Екінші маусым – тұсаукесері 2008 жылы 1 қыркүйекте өтті, 2009 жылы 18 мамырда аяқталды, 25 эпизодтан тұрады. Үшінші маусым – тұсаукесері 2009 жылы 14 қыркүйекте өтті, 2010 жылы 17 мамырда аяқталды, 22 эпизодтан тұрады. Төртінші маусым – тұсаукесері 2010 жылы 13 қыркүйекте өтті, 2011 жылы 16 мамырда аяқталды, 22 эпизодтан тұрады. Бесінші маусым – тұсаукесері 2011 жылы 26 қыркүйекте өтті, 2012 жылы 14 мамырда аяқталды, 24 эпизодтан тұрады. 2012 жылы 11 мамырда The CW арнасы сериалды 10 эпизодтан тұратын алтыншы маусымға дейін жалғастырды.
Сюжет Сериалда Нью-Йорктың бай ауданыңда тұратын, таңдаулы мектепте оқитын оқушылардың өмірі көрсетілген. Сабақтан тыс олар достасады, араздасады, есірткі қолданады, қызғанады, қиналады, ғашық болады, жек көреді және жасөспірімге тән тағы басқа нәрселерді жасайды. Сондай-ақ бұл турады көрермендер мен басты кейіпкерлер жұмбақ «Өсекші қыздың» әйгілі блогынан біледі. Алайда өсекші қыздың кім екенін ешкім білмейді.
Рөлдерде thumb|Блейк Лайвли thumb|Лейтон Мистер РөліАктер/актрисаСерена Селия ван дер ВудсенБлейк Лайвли Блэр Корне́лия Уо́лдорфЛейтон МистерЧарльз БассЭдвард ВествикДэниэл ХамфриПенн БэджлиНатаниель АрчибальдЧейс КроуфордВанесса АбрамсДжессика ЗорДженнифер ХамфриТейлор МомсенЭрик ван дер ВудсенКоннор ПаолоЛилиан ван дер ВудсенКелли РазерфордДжорджина СпарксМишель Трахтенберг
Санат:2007 жылы шыққан АҚШ телесериалдары Санат:The CW телебағдарламалары