Тере́за Мэ́ри Па́лмер (ағыл. Teresa Mary Palmer; . 26 ақпан 1986, Аделаида, Оңтүстік Австралия, Австралия) – австралиялық актриса.
Өмірбаяны thumb|Teresa Palmer Тереза Мэри Палмер Австралиядағы Аделаида қаласында дүниеге келді. Инвестор Кевин Палмер және бұрынғы медбике Пола Сэндерстың жалғыз қызы. Оның өгей шешесі – Карен Палмер, сондай-ақ екі асыранды ағасы мен екі асыранды әпкесі әкесімен тұрады.Палмер Interview журналына мемлекеттік тұрғын үйінің фондының арқасында тұратынын немесе әкесінің фермасында тұратындығын айтқан. Оның ата-анасы оған үш жас болған кезде ажырасты. Терезаны анасының психозының кесірінен қатал тәрбиелеген мойындады актриса Harper’s Bazaar журналына.
Mercedes College университетін 2003 жылы бітіріп, өзін актерлікке арнағысы келді. Сол жылы ол «Киножұлдызды іздестіру» конкурсын жеңеді. Оның бірінші жұмысы аниматордың рөлі болған. Ол Strawberry Shortcake мультфильмінің кейіпкерлерінің киімін сатып алушылардың назарын тарту үшін демалыс күндері киетін. Палмер бірнеше жылдар бойы актерлік шеберлік курстарына барып бірнеше жарнама роликтеріне түскен. Сондай-ақ ол қосымша табыс табу үшін Hungry Jack’s мейрамханасында және киім сататын дүкенде жұмыс істеген.
Мектепті бітірген соң Палмерге оның агенті қоңырау шалады. Ол оны студенттік фильмнің байқауына шақырды. Режиссер Терезаның бірнеше фотосуреттерін көріп, оны өз фильміне шақырды.
Мансабы Палмердің ең бірінші рөлі «2:37» тәуелсіз фильмінде болды. Ол бұл фильмде мектепті бітірісімен актерлік тәжирбесіз жұмыс істей бастады. Фильм алғаш рет Каннада 2006 жылы шығып, көрермендердің көңілінен шықты. Бұдан кейін ол William Morris Agency компаниясымен шартқа отырды.
Тереза «Телепорт» фильміне шақырылған болатын. Бұл оның Америкадағы бірінші жұмысы болу керек болатын. Бірақ сценарий өзгеріп, Терезаның орнына Рэйчел Билсон ойнайтын болды. Бұл оқиғадан кейін мұнайып, актриса екі айға үйге оралады. Оның Голливудтағы дебюті «Қарғыс 2» фильмінде болды.
Жеке өмірі 2013 жылдын 21 желтоқсанынан бастап актриса Марк Уэббердің әйелі. Ол онымен 15 ай кездесіп, оған тұрмысқа шығады. Жұбайлардың бір ұлы бар - Боди Рейн Палмер.
Фильмография ГодАтауы (қазақша)Атауы (орысша)Атауы (ағылшынша)Рөлі2005Қасқыр шұңқырыВолчья ямаWolf CreekҚонақ20062:372:372:37Мелоди2006Қарғыс 2Проклятие 2The Grudge 2Ванесса2007Желтоқсанның ұлдарыДекабрьские мальчикиDecember BoysЛюси2008СабырлықВоздержаниеRestraintДэйл2008Түнгі ертегілерСказки на ночьBedtime StoriesВайолет Ноттингем2010Сиқыршының оқушысыУченик чародеяThe Sorcerer's ApprenticeБекки Бернс2010Жас американдықтарМолодые американцыYoung AmericansТори Фредеркин2011Мені үйге апарОтвези меня домойTake Me Home TonightТори Фредрекинг2011Мен төртіншімінЯ — четвёртыйI Am Number FourНомер Шесть2012Жас жүректерМолодые сердцаLove and HonorКэндис2013Денеміздің жылуыТепло наших телWarm BodiesДжули Гриджио2014Бір миллиардтың бөлігіОдна миллиардная доляParts Per BillionАнна2014Кат БэнкКат БэнкCut BankКассандра2014Мені үш рет өлтірУбей меня три разаKill Me Three TimesЛюси Уэбб2014Содан беріС тех порThe Ever AfterАва2015Кубоктың рыцаріРыцарь кубковKnight of CupsКарен2015ТолқындаНа гребне волныPoint BreakСамсара2015ТаңдауВыборThe ChoiceГабби Холланд2016Үш тоғыздықТри девяткиTriple NineМишель Аллен2016Ардың түсінігіПо соображениям совестиHacksaw RidgeДороти Шютте
Дереккөздер Орыс уикипедиясынан аударылған.