нобай|(2026) Чарли Джейн Андерс () — америкалық жазушы, блогшы, редактор. Emperor Norton сыйлығын 2009 жылы жеңіп алды, ал 2012 жылы "Six Months, Three Days" деген бір жұмысы "үздік қысқа повесть" санатында "Хьюго" сыйлығын жеңіп алды, кейін Теодор Старджон және "Небьюла" сыйлықтарына ұсынылды.
Еңбектері
Андерстің ғылыми-фантастикалық әңгімелері Tor.com, Strange Horizons және Flurb баспаларының электрондық басылымдарында жарияланды. Басқа да фантастикалық емес шығармалары McSweeney’s и Zyzzyva ақпарат көздерінде шықты. Оның журналистік еңбектері Salon.com, The Wall Street Journal, Publishers Weekly, San Francisco Bay Guardian, Mother Jones Magazine, The San Francisco Chronicle және New York Press электрондық баспаларына шығып отырды. Оның әңгімелері мен эсселері «Sex For America: Politically Inspired Erotica», «The McSweeney's Joke Book of Book Jokes» және «That's Revolting: Queer Strategies for Resisting Assimilation» антологияларында жарияланып отырды.
Сонымен қатар ол Аннали Ньюицпен бірге io9 ғылыми-фантастикалық блогының редакторы болып табылады. 2014 жылы баспасы Андерстің екі шығармасын алуға шешім қабылдады, біріншісі - «All the Birds in the Sky» 2015 жылы жарық көруі тиіс.
Дереккөздер
Санат:АҚШ жазушылары